Стандарттар
Сертификаттау жүйелері
Салаларға ұсыныс
Орталық офис
+7 (812) 670-90-01

Реестрден іздеу

Аудиторларды сертификаттау

Аудиторларды сертификаттауға келесі жобалар кіреді:

  • сапа менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторларын сертификаттау;
  • сапа менеджерлерін сертификаттау;
  • сапа менеджмент жүйелерінің жетекші аудиторларын сертификаттау;
  • экологиялық менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторларын сертификаттау;
  • экологиялық менеджмент жүйелерінің жетекші аудиторларын сертификаттау;
  • кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторларын сертификаттау;
  • кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторларын сертификаттау.

Аудиторларды сертификаттау жобасы келесілерге арналған:

  • ішкі аудиттерді жүргізетін ішкі аудиторлар мен менеджерлеріне;
  • өздерінің клиенттеріне ішкі аудиттерді жүргізетін сапа менеджмент жүйелерінің кеңесшілеріне;
  • сертификаттық аудиттерді жүргізетін сертификаттау органдарының қызметкерлеріне;
  • әр түрлі аудиттерді жүргізетін қызметкерлердің басқа категорияларына.

АУДИТТЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ КЕЗЕҢДЕР

1. Сіздің білімдеріңізді, икемдеріңізді және жеке қадір-қасиеттеріңізді көрсету.

Ішкі аудиторларға мәлімдеуші көрсететін қадір-қасиеттеріне, білімдері мен дағдыларына талаптар қойылған.

Сіздің біліміңізді, жұмыс тәжірібиеңізді, аудиттерді жүргізуді көрсету.

Мәлімдеушілер өздерінің біліктіліктерін білімдері, жұмыс және аудит тәжірибелері арқылы көрсетулері керек.

3. Сертификаттауға мәлімдеме беру, мәлімдемені қарауға шотты төлеу.

Сіз сертификаттауға мәлімдемені толтырып, мәлімдеме құжаттар пакетін жасап, Русский Регистрдің Орталық офисіне жіберуіңіз қажет.

Русский Регистр мәлімдемені қарастыруы үшін Сіз мәлімдемені қарастыруға шот төлеуіңіз керек.

4. Алғашқы жыл сайынғы сертификаттық жарнаны төлеу.

Сіздің біліктілігіңізді бағалау рәсімі жағымды аяқталғанынан кейін Сізге алғышқы жыл сайынғы сертификаттық жарнаны төлеу қажет. Жыл сайынғы төлемдерді сертификаттау кезінен бастап жыл сайын төлеу қажет.

5. Сертификат пен сертификаттық карточканың шығарылуы.

Сертификат пен сертификаттық карточка сертификаттауға мәлемдемеде көрсетілген мекен-жайға почтамен жіберіледі.

6. Қайта сертификаттау.

Сіз әр үш жыл сайын қайта сертификаттау талаптарын орындау куәліктерін тапсыруыңыз қажет.

СЕРТИФИКАТТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚҰЖАТТАР ТҮРЛЕРІ

Сертификаттауға мәлімдеме

Эксперттердің практикалық қызметтерінің тіркеу формасы (Аудиттер журналы)

Сертификаттау тәртібі (Сапа менеджмент жүйелеріндегі ішкі аудиторларды сертификаттау талаптары)

Сертификаттау тәртібі (Экологиялық менеджмент жүйелеріндегі ішкі аудиторларды сертификаттау талаптары)

Сертификаттау тәртібі (Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйелеріндегі ішкі аудиторларды сетрификаттау талаптары )

Сертификаттау құны