Стандарттар
Сертификаттау жүйелері
Салаларға ұсыныс
Орталық офис
+7 (812) 670-90-01

Реестрден іздеу

Қызмет көрсетуҚызметкерледі сертификаттау

Қызметкерледі сертификаттау


Русский Регистр қызметкерлерді сертификаттау қызметтерін ұсынады. Бұл салыстырмалы түрде жаңа және серпінді дамып келе жатқан, бірақ дүниежүзінде көпшілікке танылған, қызметкерге кәсіби біліктілігінің ресми, әділ және тәуелсіз мойындауын алуға, мекемелерге өздерінің қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін растауға, компанияның бәсекеге қабілеттілігін осылайша жоғарылатуға мүмкіндік беретін қызмет.

Қызметкерлерді сертификаттау қызметі экономиканың әр түрлі саласында (соның ішінде өндірістің әр түрлі саласындағы және қызмет шеңберіндегі мамандықтарға ұлттық және/немесе халықаралық стандарттар есебімен еңбек нарығында талап етілетін қызметкердің білімін және дағдыларын объективті бағалау үшін өлшемдері дайындау) қызметкер біліктілігін дайындау және бағалау, қызметкердің біліктілігінің, білім деңгейінің және дағдыларының ресми, әділ және тәуелсіз бағалау міндеттерімен қамтамасыз ету басты мақсаты болып табылатын «Русский Регистр» сертификаттау Ассоциациясының қызметкерлерді сертификаттау Жүйесінің шеңберінде іске асады.

Русский Регистр International Personnel Certification (IPC) – қызметкерлерді сертификаттау Халықаралық Ассоциациясының мүшесі.

IPC ИСО 17024 «Қызметкерлерді сертификаттау органдарына ортақ талаптар» халықаралық стандарттар талаптарына негізделген өзара мойындау туралы көп жақты келісімшарттар шеңберінде әрекет ететін дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы кызметкерлерді сертификаттау органдарын біріктіреді.

Сертификаттау процесіне кандидаттың базалық білім мен жұмыс тәжірибесіне, теориялық дайындық пен практикалық дағдыларына қатысты сәйкестіктерді талдау мен тексеру кіреді.

Қызметкерлерді сертификаттау мамандықтардың келесі санаттарға таралады:

  • өндірістің түрлі салаларындағы жұмыс және инженерлік мамандықтарына қатысты қызметкерлерді сертификаттаудың өнеркәсіптік жобалары;
  • мекемедегі мамандардың/басшылардың басқару қызметтеріне қатысты менеджерлерді сертификаттау жобалары.

Қажет болғанда немесе клиенттің тапсырыс берген жағдайында Русский Регистр мекеменің ішкі міндеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес қызметкерлердің біліктілігіне қосымша арнайы талаптар дайындайды.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ ТИІМДІЛІКТЕРІ

  • қызметкерлердің дайындық сапасын, біліктілік деңгейін, кәсіби жарамдылығының тәуелсіз бағасын алуға мүмкіндік;
  • қызметкерлер біліктілігінің тұрақты мониторингісін жүзеге асыру;
  • позитивті имидж қалыптастыру;
  • кәсіп бойынша өзінің квалификациялық сенімділігін серіктестеріне көрсету мүмкіншілігі;
  • әлемдік экономиканың біріктірілген процестер шеңберіндегі қызметкерлердің біліктілігін мойындау;
  • халықаралық еңбек нарығының талаптарын орындау;
  • қызметкерлердің және олардың уәждерінің психологиялық жайлылығымен қамтамасыз ету;
  • кәсіпорынның қызметкерлеріне сый мен көңілді жоғарылату;
  • еңбек нарығында мамандардың талап етілуін және «құнын» жоғарылату