Стандарттар
Сертификаттау жүйелері
Салаларға ұсыныс
Орталық офис
+7 (812) 670-90-01

ISO/ TS 29001

01.05.2015

МҰНАЙ, МҰНАЙ-ХИМИЯ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

ISO 29001.jpg

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

ЕНГІЗУ МЕН СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

НЕГЕ РУССКИЙ РЕГИСТР? 


НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

Халықаралық стандарт ISO/TS 29001 ұйымның қызметі мұнай-газ саласымен байланысты, соның ішінде мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсібі кәсіпорындарына өнімдер мен қызметтерді жеткізушінің сапа менеджменті жүйесінің жоғары деңгейде құрылымын және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. ISO 29001 стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу және тиісті сертификаттау мүдделі тараптарға (клиенттерге, әріптестерге, инвесторларға, қоғамдық ұйымдарға және т.б.) сапалы өнімді шығарудың және қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ететін тиімді құралдың барын көрсетеді.

Стандарт ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым мен API Американдық мұнай институтының бірлескен жұмысының өнімі және Русский Регистр Ресей мен ТМД елдерінде ресми өкілі болып табылады (API беттеріне сілтеме РР сайтында бар). ISO 29001 стандартына ұқсастық API тарапынан Q1 стандартына 8-нұсқа болып келеді (Q1, Q2 сілтеме РР сайтында бар).

ISO 29001 стандарты сапа менеджменті жүйесі облысындағы ISO 9001 негізгі стандарт бойынша құрылған және мұнай-газ өнеркәсібінің ерекшелігін ескеретін талаптармен толықтырылған. Стандарт ISO сияқты белгілі стандарттарды, соның ішінде ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесіне және OHSAS 18001 кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйесіне жоғары деңгейде біріктіре алады.

ISO 29001 стандартына бірдей стандарт РФ ұлттық стандарты ГОСТ Р ИСО/ТУ 29001 болып табылады.

ЕНГІЗУ МЕН СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ:

  • Мұнай-газ секторы кәсіпорындарының халықаралық тәжірибеге ілесуі;
  • Ұлттық және халықаралық деңгейде кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігінің артуы;
  • Өнімнің, қызметің және ұйым кәсіпқойлығының сапасын растау;
  • Кәсіпорын беделінің көтерілуі;
  • Әріптестерге, инвесторларға, тапсырысшыларға кәсіпорынның артықшылығын көрсету;
  • Мемлекеттік, муниципалдық, коммерциялық тендерлерде және сауда-саттықта неғұрлым қолайлы шарттарда қатысуға мүмкіндік;
  • Шетелдік кәсіпорындардан тапсырыстар қабылдау;
  • Несиелеу және сақтандыру мөлшері мен шарттарын анықтауда банктер мен сақтандыру кәсіпорындарына қосымша дәлел.  

НЕГЕ РУССКИЙ РЕГИСТР?

Русский Регистрде бизнестің үздіксіздігін басқару жүйесін сертификаттау арқылы, сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • Ресейдегі мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда тәжірибесі мол сертификаттау бойынша жетекші орган тарапынан сапа менеджменті жүйесін растау;
  • IQNET сертификаттау органдарының халықаралық желісі ISO 29001 талаптарына сәйкестік сертификаты;
  • Интегралдық менеджмент жүйесінің 2 немесе одан да көп стандарттар талаптарына сәйкес сертификатталу мүмкіндігі;
  • Білікті орыс тілді аудиторларды тарту арқылы қызметтердің құнын төмендету мүмкіндігі;
  • Курстар мен семинарлардың кең ауқымы. 


Қызметкердің аты-жөні: Никаноров Павел Анатольевич, Халықаралық қызмет пен маркетинг департаментінің басшысы

Қызметкердің телефон нөмірі: +7 812 600 11 68 (ішкі нөмірі 236)
E-mail: nikanorov@rusregister.ru


Сұрақ қою

Сіздің аты-жөніңіз *
Сіздің e-mail *
Сіздің сұрағыңыз *
Тақырып
Автоматты толтырудан қорғау
 
Суреттегі бейнені еңгізіңіз*

* - Міндетті түрде толтырылатын орын