Стандарттар
Сертификаттау жүйелері
Салаларға ұсыныс
Орталық офис
+7 (812) 670-90-01

Реестрден іздеу

Стандарттар

Менеджмент жүйелеріндегі стандарттар немесе Мекеменің басқару жүйесін жетілдіру саласындағы ұсыныстары мен талаптары болып саналады. Менеджмент саласындағы стандарттар дүниежүзінде үлкен танушылыққа ие.

Стандарттарды әзірлеуші әр түрлі халықаралық, ұлттық немесе салалық стандарттау ұйымдары, соның ішінде ISO стандарттау бойынша дүниежүзінде жетекші Халықаралық стандарттау ұйымы болып табылады.

Сертификаттау бойынша халықаралық танылған, білікті және тәуелсіз органмен берілген сәйкестіктер Сертификатының болуы көбінесе дүниежүзілік, ұлттық немесе салалық нарықтарына мекеменің шығуына және дамуына міндетті шарттарының бірі ретінде саналады. Русский Регистр Сізге менеджмент жүйесін сертификаттау саласындағы қызметтің кең спектрін және Русский Регистрдің сәйкестік Сертификатының Ресейде және шетелде толық мойындалуына кепілдік береді.

Бұл стандарттардың көбісі түрлі көлемдегі және әр түрлі типтегі мекемелерге қолданылады, мысалы:

  • ISO 9001, Сапа менеджмент жүйесінің стандарты,
  • ISO 14001, Экологиялық менеджмент жүйесінің стандарты,
  • OHSAS 18001, Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау мендежмент жүйесінің стандарты,
  • ISO 50001, Энергетикалық менеджмент жүйесінің стандарты,
  • ISO 27001, Ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйесінің стандарты.
  • ISO 31000, Тәуекел менеджмент стандарты,
  • ISO 26000 және SA 8000, Әлеуметтік жауапкершілік менеджмент стандарты, және т.б.

Сонымен қатар, соңғы уақытта менеджмент жүйелерінің облысында сол немесе басқа саланың ерекшеліктерін ескере отырып, салалық стандарттарды әзірлеу тенденциясы өсуде,мысалы:

  • Тағам саласы - ISO 22000 стандарты,
  • Көлік саласы - ISO/TS 16949 стандарты,
  • Мұнай газ саласы - СТО ГАЗПРОМ 9001, ISO 29001, Q1 стандарттары,
  • Әскери өнеркәсіптік кешені - ГОСТ РВ 15.002 стандарты және т.б.

МЖ Сертификаттау бөлімінде Сіз басқару, ұлттық, халықаралық және салалық жүйелеріндегі әр стандартпен танысуыңызға, Русский Регистрдің мамандарына сұрақ қоюыңызға, сонымен қатар менеджмент жүйелері саласындағы стандарттар туралы маңызды және қызықты ақпараттар алуыңызға болады.