Стандарттар
Сертификаттау жүйелері
Салаларға ұсыныс
Орталық офис
+7 (812) 600-11-67
Компания туралыРусский Регистр

Русский Регистр

«Русский Регистр» сертификаттау ассоциациясы– менеджмент жүйесін, қызметкерлер мен өнімді сертификаттайтын Ресейде және шетелде мойындалған ресейлік тәуелсіз орган.

Русский Регистрдің тәуелсіздігі мен әділдігі, сонымен қатар біздің қызметкерлердің біліктілігі көптеген ұлттық және шетел аккредитацияларымен және 15 жылдық қызмет тәжірибесімен дәлелденген.

Ресейдегі, сонымен қатар таяу және қиыр 20 елдердегі 3500-ден астам мекемелер біздің клиенттеріміз болып табылады.

Русский Регистр клиенттерге қызметкерлер және өнімдермен, басқарумен байланысты әртүрлі аспектілердегі сәйкестіктерді бағалау және сертификаттау бойынша кешенді қызмет алуға мүмкіндік береді.Көптеген халықаралық, ұлттық және салалық аккредитациялар, нотификациялар мен мойындаулар біздің клиенттерге Русский Регистрмен ынтымақтастықта болу оздерінің өнімдерімен және қызметтерімен кез-келген нарықты қамтамасыз ете алатынына сенімділік береді. Біз сертификаттау қызметі нарығының даму тенденциясын ықыласпен қадағалаймыз және клиенттерімізге тексеру мен сараптау, сертификаттау саласындағы жаңа және қажетті қызметтерді береміз.

Русский Регистр сертификаттау және сәйкестіктерді бағалау бойынша өз қызметін Ресейлік теңіз кеме шаруашылығы шеңберінде 1993 жылы бастады. 2001 жылы сертификаттау органдарына қойылатын халықаралық талаптарды орындау мақсатында тәуелсіз орган құрылды – «Русский Регистр» сертификаттау Ассосациясы

2003 жылы Русский Регистр сертификаттау органдарының IQNet халықаралық жүйесінің мүшесі болды.

2004 жылы біз IAF мүшесі аккредитация бойынша Голландық кеңесінің алғашқы аккредитациясын алдық. Қазіргі таңда Русский Регистрдің 4 сертификаттау бағдарламасы ресейлік компанияға бірегей прецендент болып табылатын халықаралық аккредитацияға ие.

2008 жылы Русский Регистр ААҚ «Газпром» өкілетті мекемесінің Газпромсерт жүйесінде толық нотификация алды. Бұл жүйеде қазіргі уақытқа дейін ешқандай сертификаттау органы осындай толық нотификацияға ие емес.

2010 жылы Русский Регистр FSC орман қорғау кеңесінің халықаралық аккредитациясын алып, осындай мойындауға ие 20 сертификаттау органдарының санына кірді.

2011 жылы Русский Регистр IRIS Group-пен келісімге келіп, IRIS халықаралық стандартына сәйкес сертификаттауға құқық алды. Дүние жүзінде мұндай тексеру жүргізуге құқылы 14 сертификаттау органы бар.

2012 жылы қыркүйек айында АҚШ аккредитациялау Ұлттық Кеңесі – ANAB ISO/IEC 27001 Ақпараттық менеджмент жүйелерінің және ISO/IEC 20000-1 IT-сервис менеджмент жүйелерінің стандарттары бойынша Русский Регистрді аккредитациялауға шешім қабылдады.

Біз одан әрі белсенді түрде дамудамыз және бұл ақпаратты біздің сайттағы, сонымен қатар LinkedIn, Facebook, Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі жаңалықтарды қадағалау арқылы алуыңызға болады.

Русский Регистрге жүгіну арқылы Сіз толық және анық ақпарат, жоғары сапалы қызмет пен халықаралық, ұлттық және салалық мойындау алатыныңызға сенімді болуыңызға болады.